Русский Сайттың толық нұсқасы

Пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қаржыландыру қолжетімді болуы керек, - Н.Нығматулин

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2020
  • 2212

Пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қаржыландыру қолжетімді болуы керек. Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Нұрлан Нығматулин осылай деді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кәсіпкерлерге 8 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несие беріліп жатқанын айтты. Дегенмен Мәжіліс төрағасы бұл мәселе «шикі» күйінде екенін және кәсіпкерлерге толық көмектесу үшін жаңа механизмді әлі де жетілдіру керектігін айтты.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұлттық банк төрағасы болған соң, сізге қалай сенбейміз. Меніңше, бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Халыққа қолдау жеткілікті деп айта алмаймыз. Оны біз де, сіз де, халық та біледі. Мұны жүзеге асыратын жаңа механизм керек, ол механизм ашық әрі түсінікті болуы керек.

Ал Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская болса, шағын және орта бизнес өкілдерінің тек 2,5% пайызы ғана мемлекеттік бағдарламаларға иек арта алатынын айтып отыр. Оның айтуынша, бұл саладағы іріктеу кезеңдеріне өзгеріс қажет. Басымдылық цифрландыру бағыты мен заманауи технологияларға берілуі керек, деді Никитинская.

Екатерина НИКИТИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АҚ ЖОЛ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Экономиканы қалпына келтіруде бизнестің жол картасы мен қарапайым заттар экономикасына басымдық беріледі. Ұлттық банк төрағасы 4 мыңнан астам несие бөлінгенін айтты. Бірақ инвестициялық жобаларда қазіргі заман талаптары ескерілмеген.

Ә. Өмірзақ