Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар Ақтаудағы тоқтап тұрған тұрғын үй кешенінің құрылысын бақылауға алды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2020
  • 2083

Нұротандықтар Ақтаудағы сақалды құрылысқа айналған баспана мәселесіне назар аударды. «Аққу-3» тұрғын үй кешенінің құрылысы төрт жыл бұрын басталған еді. Бірақ қаржы тапшылығынан жұмыс тоқтап тұр. Енді бұл құрылысты толық аяқтау үшін кемінде үш миллиард теңге қажет. Ал қала билігі осы кешендегі үш үйдің екеуі жыл аяғына дейін салынып бітеді деп сендірді. Осылайша 400-ден отбасы жаңа мекенде қоныс тойын тойламақ.

Елубай ӘБІЛОВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Ақтау қаласының әкімдігі осы құрылыстың екі бөлігін биыл жылдың аяғына дейін тапсыруды көздеп отыр. Біз «Nur Otan» партиясы осы құрылыстың бітуін, халық игілігіне берілуін бақылауда ұстайтын боламыз.

Е. Карин