Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Түркиялық әріптесімен кездесті

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2020
  • 2048

Ынтымақтастықты нығайту және арнайы операцияларға дайындық. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев түрік әріптесі Хулуси Акармен кездесіп, осы төңіректегі тақырыптарды талқылады. Келіссөз барысында бауырлас елдер әскери кадрларды даярлауға уағдаласты.

Хулуси АКАР, ТҮРКИЯ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:  

Біз екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жетілдіруге қатысты мәселелерді талқыладық. Екі ел басшылары тығыз достық қарым-қатынаста болғандықтан, біздің жұмысымыз айтарлықтай жеңіл болды.

Айта кету керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 2 жыл бұрын Түркияға барған ресми сапарында Режеп Тайып Ердоғанмен арнайы келісімге қол қойған. Тараптар, әскери ынтымақтастық және әскери саладағы мәліметтердің құпиялығын сақтау туралы келісімге келген еді.

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Атап, айтқанда Түркия бізге тапшы мамандықтар бойынша әскери қызметшілерді, әскери мамандарды дайындап отыр. Оның ішінде гидро графия, әскери теңіз саласында және кибер қауіпсіздік саласында өте маңызды.

А. Мүтәлі