Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус күздің аяғы мен қыстың басында қайта өрши түседі

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2020
  • 3747

Бүгін елде кинотеатрлар ашылды. Бірақ барлық қалада емес. Тек Алматы, Атырау мен Ақтау қалаларында ғана. Көптен бері жұмысы тоқтаған кәсіпкерлер ақшасын шығарып алу үшін билет бағасын қымбаттатқаны қаншалықты рас? Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Елдің бас санитарлық дәрігері, бүгіннен бастап кинотеатрлардың жұмыс бастауына рұқсат берген еді. Бұған үш қала ғана дайын болып шықты. Індет жұқтырғандар азаймай тұрғандықтан, басқалары бұдан бас тартқан. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде тараған мына сурет, көпшіліктің жағасын ұстатты. Шын мәнінде билет құнын 20 мың теңгеге дейін көтерілгені рас па?

Ерлан БҰХАРБАЕВ, KINOPARK-KINOPLEXX КОМПАНИЯСЫНЫҢ PR-ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда біздің мекемелеріміз тек Ақтау мен Атырауда ғана жұмыс істеп тұр. Басқа қаладағылар бізге әзірше рұқсат етпеді. Ал, ғаламторда жүрген ақпарат фейк. Баға ондай қымбат емес, мың-үш мың теңгенің арасында. Тұрғындарға айтарым әккілердің арбауына түспеу үшін, ақпаратты тексеріп алыңыздар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, өткен тәулікте COVID-19-ды жарты миллионға таяу адам жұқтырған. Оның басым бөлігі көрші Ресейде, Белгия мен Польшада тіркеліпті. Кесел білгілері бар, бір күнде 10 мың, тіпті 20 мың адам анықталған. Ал, бізде соңғы күндері індеттің ілмегіне ілігудің тұрақсыздығы байқалып отыр. Статистиканың өсуіне шетелден келген отандастарымыз әсер етуде дейді мамандар.

Дария ӘЗІМБАЕВА, ҚР ДСМ КӨЛІКТЕГІ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

39 адамда осы коронавирустық инфекцияға ПТР тест нәтижесі оң нәтиже көрсетті. Олардың 2-і Шымкент қаласында, 4-і Нұр-Сұлтан қаласында, қалғандары Алматы қаласында анықталды.  

Қытайлық кеселдің алдағы уақытта да ушығуы мүмкін екенін иммунолог Әкім Тұрсын жоққа шығармайды.  

Әкім ТҰРСЫН, "Q MED" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Солтүстік өңірлерде қараша айның басы күннің суытуына байланысты дамитын болса, оңтүстік жылы аймақтарда қарашаның соңғы декодасы мен желтоқсан айларында осы маусымдық тұмаудың өршуімен қатар жүруі мүмкін.

Маусымдық тұмаумен қатар жүретінін айтқан дәрігерлер әр азамат жауапкершілікті сезінсе дейді. Медициналық маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға кеңес береді.  

А. Данияр