Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан қаласының тұрғындары жылусыз отыр

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2020
  • 2017

Түркістан қаласының тұрғындары жылусыз отыр. Ауа райы салқындағанымен, жауапты мамандарда қозғалыс жоқ. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар осылай деп шағымданды. Айтуларынша, көп қабатты үйде мыңдаған адам тұрады. Суыққа тонған жұртшылық әкімдіктен бір көмек болса дейді. Тыңдап көрейік.

Күлзейнеп ҚҰЛЫМБЕТОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жылда қайталанатын мәселе. Бірінші жыл емес. Біз акиматқа барамыз. Акиматқа барған кезде қыстың өзінде отоплениені зорға береді. А так күн жылыса, түнге қарай вообще өшіріп тастайды. Ал ақшасын жинаған кезде түгелімен алып алады. Мен жылда дополнительно обограватель қойып отырамын. Неге мен инвалид кемпір, инвалид баламен екі рет төлеуім керек?

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Осы мәселе бойынша Түркістан қаласының шенеуніктеріне хабарластық. Дәл қазір бізбен тікелей байланыста қалалық "Жылу" мекемесінің басшысы Ерғазы Рысбеков бар екен. Ерғазы мырза, қайырлы кеш! Тұрғындардың шағымын тыңдадыңыз. Күн суып кетті. Бірақ жылу әлі берілген жоқ дейді. Бұған не дейсіз?

Ерғазы РЫСБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ «ЖЫЛУ» МКК ДИРЕКТОРЫ:

Бізде ҚР құрылыс нормасы бойынша Түркістан қаласы 149 күн жылу жүйесі берілген. Жылда қараш айының бірінші жұлдызынан 1 сәуіріне дейін жылу энергиясын береміз. Одан бөлек, бізде ҚР-ның энергетика министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы 211-ші бұйрығында осылай жазылған. Нақты 28 қазан күні беріледі.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Хабарласқан көрермен қысты күннің өзінде жылуды өшіріп тастайды, дейді. Бұған не айтасыз?

Ерғазы РЫСБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ «ЖЫЛУ» МКК ДИРЕКТОРЫ:


Жылуды өшірмейді. Жылу маусымы кезінде сыртқы ауа-райы температурасына қарай жылу беріледі.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Жақсы, рақмет сұхбатыңызға! Айтылған сөз, атылған оқ. Жақын күндері түркістандықтар жылумен қамтылады деп сенеміз. Бұл мәселе тілшілеріміздің бақылауында болады. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Мүтәлі