Тағы коррупция жөнінде. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекеттер Маңғыстау облысындағы «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңесте талқыланды. Басты тақырып: соңғы 2,5 жылда қандай жұмыстар атқарылды? Кеңес мүшелерінің айтуынша, парақорлық фактілерінің басым бөлігі жергілікті атқарушы билікте тіркелетін көрінеді. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу жүйесінде, жер қатынастары мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жемқорлық белең алған. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев өз сөзінде, коррупцияға қарсы іс-шараны белсенді жүргізуге шақырды.
Омархан ӨКСІКБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорқауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, алға қойған мақсаттарға жемқорлықпен ымырасыз күресу арқылы ғана жету мүмкін. Мұны естен шығармауымыз керек.
З. Санай