Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде елік атқан екі тұрғын ұсталды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2020
  • 2167

Тобыл өңірінде қаскөйлердің заңсыз әрекеті толастамай тұр. Жыл басынан бері облыста 30-дан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген. Рейдтік шара барысында сібір еліктерін атқан тағы қос тұрғын қолға түсті. Елік атқандарды учаскелік полиция инспектор ұстаған. Браконьерлердің көлігін тінту барысында екі сібір елігі мен мылтық табылды.

Қанат ШЫХАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ  БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 337 бабы бойынша іс қозғалды. Және де бұл баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру немесе 3 мың айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл берілуі мүмкін.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде 31 қылмыстық іс тіркелген. Тоғыз тұрғын заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін жазаға тартылса, тағы бесеуі киік мүйізімен құрықталған. 17 адам рұқсатсыз ағаш кескен. Заң бұзғандарға  5 миллион теңгеден астам айыппұл салыныпты.

З. Санай