Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореяның бұрынғы Президенті 17 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2020
  • 1968

Ал, Сеулде елдің бұрынғы Президенті сотталып жатыр. Ли Мең Бак-қа қатысты сот шешімі күшейді. Елді, 2008-2013-ші жылдары басқарған бұрынғы басшы - "мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Негізі, алғашқы инстанция шешімімен Ли Мең Бак 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, өткен жылы қорғаушылар аппеляцияға беріп, бұрынғы Президент кепіл ақшаға босатып алған еді. Артынан, Прокурорлар істі қайта қарап, жаңа айып тақты. Енді олар, коррупционер-басшыны 17 жылға жабуды соттан сұраған. Нәтижесінде аппеляциялық сот шешімімен 78 жастағы Ли Мең Бак қайта қамауға алынды. Еске сала кетейін Оңтүстік Кореяның бұрынғы Президенті DAS кәсіпорнынан 25 млрд вон, теңгемен айтқанда 9,5 млрд теңге жымқырып, шамамен 152 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталған.

Д. Мұхаммедкәрім