Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда отбасылық жанжал көбейді

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2020
  • 2400

Елімізде күйеуінен жәбір көрген әйелдер саны азаяр емес. Құқықтық статистика комитеті келтірген деректерге сүйенсек, елде 5 келіншек өзіне өзі қол салып, 30-ға тарта әйел жолдасынан жәбір көреді екен. Бұл бір түнде ғана тіркелетін дерек. Еркін Карин тақырыпты жалғастырсын.

Бұл кадрлар былтыр түсірілген. Оралдық жігіт әйелін жұмысында кепілге алып елді дүрліктірген еді. Алты сағат ішінде ол, әйелінің денесін бірнеше рет пышақпен тілген. Ақыры полицияға өзі берілді. Бірнеше қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Алайда, ол түрмеде де тыныш отырмайтын сияқты. Әйелін әлі күнге қорқытып жүрген көрінеді.

Ираида ИСЛАМҒАЛИЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Сот әділ үкім шығарады деп үміттенеміз. Бірақ бұл дау мұнымен бітпейді. Өйткені ол мені талай рет өлтіремін деп қорқытты. Оның тынышталып қалмайтыны анық. Осы уақытта оның туыстары да менің үстімнен арызданып жатыр.

Бұрыңғы күйеуі енді Ираиданы өзін айыпты қылып көрсеткісі келеді екен. Оны, қыз-келіншектердің құқығын қорғайтын қоғамдық қор өкілдері айтып отыр. Полицияда Ираидаға қатысты бірнеше іс тіркеліпті.

Дина ТАҢСӘРІ, "НеМолчиКZ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Біз Ираидаға қастандық жасала ма деп қорқамыз. Өйткені күйеуі түрмеде отырса да, қорқытып-үркітіп жатыр. Тіпті сот кезінде әйелі мен қорғаушыға аяқ киімін лақтырды. Содан кейін сот онлайн өткізілетін болды. Ираиданың үстінен бірнеше рет іс қозғатып, алаяқтық жасады, жалған құжат рәсімдеді десе де, мұның жала екені анықталды. Бірақ осының бәрі Ираидаға ауыр тиіп отыр.


Ал бұл - Андрей Кошиков. Ол, көңілдесін өлтіргені үшін айыпталды. Арақ ішіп отырып ол, ашынасын пышақтап өлтірген.

Бақыт ЕРМАХАНОВ, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Осы кезге дейін Кошиков 1995 жылы кісі өлтірумен 12 жылға сотталған. Одан кейін жол жүру қауіпсіздігін бұзғандары үшін сотты болған және притон ұйымдастырғаны үшін және ірі көлемде есірткі заттарын сақтағаны үшін сотты болған. Енді 17 жасынан сотты болған Кошиков 20 жыл отырған ғой.


Кінәсін мойындаған қылмыскер 13 жылға сотталды. Ол сондай ақ түрмеде жатып маскүнемдіктен емделуі керек.

Е. Карин