Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарашадан бастап аймаққа блок-бекет қойылады

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2020
  • 6926

Шығыс Қазақстан облысына блок-бекеттер қойылатын болды. Өйткені аймақта індет жұқтырғандар азаймай отыр. Өңірдің санитар дәрігерлері тәулік ішінде 139 жағдай тіркелгенін айтып дабыл қақты. Елоданың бас санитар дәрігері де кезекті толқынның жақын күндері басталатынын болжады. Елдегі және әлемдегі эпид жағдайды бақылап отырған әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты толықтырады.

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайы күрт көбейді. Өткен тәулікте COVID-19 270-ке жуық адамнан анықталған. Оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Сондай-ақ мұнда санитарлық талаптарды елмейтіндерде де көбейген. Ахуалдың нашарлауына байланысты аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен, жекеснбіден бастап карантин күшейтіледі.

Талғат ТҰҢҒЫШБАЕВ, ШҚО ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:

Кәсіпорындар мен азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Біз бинесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз. Халық белгіленген шектеулерді оның ішінде: әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтау керек.

Елордада да індеттің таралу ауқымы кеңейген. Мамандар соңғы күндері ауруды жасыру дерегі көбейген деді. Кеселге шалдыққандар тұрғылықты мекен-жайы мен байланыста болғандар туралы жалған мәлімет берген деп отыр. Бұның барлығы қала тұрғындарының санитарлық талаптарға немқұрайлы қарауынан деп түсіндірді.

Жанна ПІРӘЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Соңғы аптада ауру алдыңғы аптадан 1,3 есе немесе 28 процентке жоғарылады. Қазан айында өсу үрдісі бар аурудың толқын тәрізді сипатын ескере отырып, репродуктивтік сан артуы және төмендеуі қалада карантиндік іс-шараларды жеңілдетуге мүмкіндік бермей отыр.

Еуропадағы жағдай да оңалар емес. Француз билігі қытай індеті салдарынан елде шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Осы жұмадан бастап желтоқсанға дейін карантин талаптарын қатаңдатуды жоспарлап отыр. Қоғамдық көңіл көтеру орындары жабылады. Балабақшадан басқа білім беру мекемелерін қашықтан жұмыс істеуге көшірмек. Тұрғындарға дәріхана мен дүкенге ғана шығуға рұқсат етілді.

Макрон ЭММАНЮЭЛЬ, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз көктемдегі ауыр жағдайды бастан өткергендіктен, осындай қадамдар жасауға мәжбүрміз. Бұл жолғы локдаунда мектептер ашық болады, яғни жұмысы жалғасады, қарттар үйі мен әлеуметтік орталықтарға да баруға болады.

Пандемия басталғалы Үндістанда коронавирусты 8 миллиондай адам жұқтырған. Соңғы тәулікте тағы 50 мыңға жуық жаңа жағдай тіргелді. Дүниежүзі COVID-19-дың екінші толқынынан қауіптенсе, Ресейлік дәрігерлер үшінші толқын басталды деп айды аспаннан бірақ шығарды. Жалпы ғалымдар, індеттің етек жаюына негіз болған қарапайым факторларды атады. Ол халықтың медициналық маска тақпауы, әрі арақашықтықты сақтамауы деп отыр.

А. Данияр