Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтардан бастап 1-сынып оқушылары "Әліппе" оқиды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2020
  • 5582

Әліппе қайта оралды. Үшінші тоқсаннан бастап кейбір мектеп оқушылары "Әліппе" оқи бастайды. Бұл әрине, пилоттық жоба. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, кітапты барлық білім ұясы келесі оқу жылынан бастап пайдаланады. Жаңа оқулық, Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесімен әзірленіпті. Барлық педагогикалық талаптарға сай дейді, министрдің орынбасары. Кітап мазмұны баяғыша жас ерекшелігіне қарай бөлінген. "Әліппеге дейінгі", "Әліппе" және "Әліппеден кейінгі" кезең бойынша бекітілген. Оқу бағдарламасы аяқталған соң, балалар әрі қарай білімін "Ана тілімен" жалғастырады.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті. Барлық мектептерде "Әліппенің" бағдарламасы біріншіден зерделенетін болады. Одан кейін оқулық әзірлеудің барлық этаптарына байланысты барлық кезеңдеріне тұрғылықты толық экспертиза жасау жұмыстары жүргізілетін болады. Сараптамадан өткен оқулықтар әрине, оқу жылында мектептерге енгзілетін болады.


Оқулық 15 баспа үйінде басылады. Оған бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Ал, егер кітаптан қате кетіп жатса онда оған баспахананың өзі жауапты. Яғни, оқулықты олар өз қаржысына жөндейді. Әліппе кириллицамен шыға ма әлде жаңа латын әліпбиі пайдаланыла ма? Министрлік бұл мәселені де жан-жақты қарастырған екен.

Манара АДАМОВА, Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қолданыста кирилл әліпбиіне негізделген әріптерді біз пайдаланатын болғандықтан сол 42 әріпке негізделіп "Әліппе" оқу бағдарламасы дайындалды. Бірақ біз енді білеміз алдымыз да мақсат бар латын әліпбиіне көшу туралы. Латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде де ол қатар жасалды. Ол бағдарламаның жобасы да бар. Көшкен жағдайда оның ауыстырылуына біз кепілдік береміз.


А. Данияр