Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны көбейіп келеді

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2020
  • 2091

Елде коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейіп келеді. Өткен бір тәулік ішінде 442 адам осы дертке шалдығыпты. Осылайша, Республика бойынша індеттің ілмегіне іліккен науқастар 113 мыңға жуықтады. Өсім, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19-дан төрт мыңнан астам адам емделіп жатыр. Олардың арасында үш жүзден астам бала бар.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Ауруханада жатқан 150 науқастың жағдайы нашар. Соның ішінде 15 адамның ахуалы аса ауыр дәрежеде деп бағалануда. Ауырып жатқандардың 22-сі өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.


Коронавирустық инфекция жылдам тарап жатқан шығыста карантин ережелері күшейді. Мұнда тұрғындар кешелі бері медициналық маска тағып жүруге міндеттелді. Ал, Қарағанды облысында эпид. жағдайды тұрақтандыру үшін қарашаның 4-нен бастап аймақтың барлық қақпасына санитарлық бекеттер қойылады. Шұғыл шаруасы бар тұрғындар шаһардан шығу үшін propusk.kz порталына кіріп, тиісті деректерді көрсетуі керек.

А. Данияр