Русский Сайттың толық нұсқасы

Өрт сөндірушілер шалғайдағы елді мекендерге жете алмай жүр

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2020
  • 3377

Ауылды жерлерде өрт қауіпсіздігі тиісті деңгейде тұрған жоқ. Әсіресе шалғай елді мекендерде жағдай қиын. Өрт шыға қалған жағдайда, алыстағы ауылға құтқарушылар кемінде жарты сағат жүріп барады. "Күйіп" тұрған тақырыптың бірі бүгін Үкімет отырысында көтерілді. Төтенше жағдайлар министрі, Юрий Ильиннің айтуынша, бұл түйіткілді шешудің бірден бір жолы ауылды жерлерде 122 өрт сөндіру бөлімін ашу.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Өрт шыққан жағдайда ауылдарға жету қиын. Әсіресе қысқы кезеңде. Күн райы қолайсыздығы көлік қозғалысын қиындатады. Негізінде өрт сөндірушілердің жету уақыты 20 минут. Шын мәнінде ол одан әлде қайда ұзақ жүреді.

Шалғай елді мекендерді қойып ірі қалалардың өзінде өрт қауіпсіздігі дұрыс сақталмаған. Елде 10 мыңнан аса көп қабатты үйдің жағдайы мүшкіл. Ал, өрт бола қалса су алатын гидранттардың 15 мыңы істен алғысыз көрінеді. Оның 2 мыңы биыл жөнделген болыпты. Алайда, келіп-кетер пайдасы шамалы. Өйткені, жылына мыңдаған гидрант тозығы жетіп, сынып жатады екен. Министр Ильин, осының бәрін биыл қолға аламын, деп отыр.

Ғ. Өтемісов