Русский Сайттың толық нұсқасы

Аймақтарда карантин күшейіп келеді

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2020
  • 2591

COVID-19 қаһарына мініп келеді. Коронавирустық инфекцияға шалдыққандар елде үш есеге көбейіп кетті. Қазанның басында сырқаттанушылар саны 1200 болса, қазанның 19 мен қарашаның бірі аралығында 3 жарым мыңға жуық науқас тіркелді. Үкімет басшысы ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында осыны жеткізді. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, Премьер-министр емдеу мекемелерін, жедел жәрдем қызметтерін қажетті жабдықпен толықтыруды, тапсырды.  

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қазіргі таңда әлемде вирустың таралуына қатысты жағдай өте күрделі болып тұр. Еліміздің бірнеше өңірлерінде вирусты жұқтырған адамдарың саны өсуде. Сондықтан, өңірлерде карантиндік шараларды күшейту және жалпы еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауға алу, вирустың таралуына жол бермеу аса маңызды міндет болып табылады.


"Тәжді дерттің" алдын алу мақсатында келіп-кететін қонақтар арасында сейілту керек болды. Шетелдіктер ел аумағына енді 90 тәулікте бір реттен артық өте алмайды. Ал, 57 елдің азаматтарына визасыз режим, келесі жылдың 1 мамырына дейін тоқтатылды. Түркияға қатынайтын әуе рейстерінің де санын қысқарту туралы шешім қабылданды. COVID-19 ушығып жатса да бізде күнде думан, күнде той тиылар емес.

Мына кадрдағы қуаныш иесі Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісов. Ол, еңбек демалысын алып, ұлын үйлендіріпті. Оның әкім ретіндегі өкілеттігі 30-шы қазанда аяқталған. Сондықтан, Еңбек заңнамасына сай, мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылмайды. Тек шектеу шараларын орындамағаны үшін 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен Тәтжан Өтемісовтың осыдан бірер күн бұрын өткізілген ауыл әкімінің сайлауына үміткер ретінде қатыспаған. Бірақ ол мемлекеттік қызметті жалғастыруға ниетті. Әкімнің еңбек демалысы 10 қарашаға дейін.

Тәтжан ӨТЕМІСОВ, БҚО АҚЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Баламның үйлену тойын азын-шоғын кісімен атап өткенім рас. Сол үшін кеше мен аяқтай барып, қалалық санэпидемстанса басқармасына айыппұл төледім. Енді бос вакансиялы орындар болса, әлі де ел үшін қызмет жасауға ниетімді білдіремін әлде де мүмкіндік болып жатса, әрине.


А. Данияр