Русский Сайттың толық нұсқасы

ІІМ: Карантин кезінде жасөспірімдерді зорлау дерегі 19%-ға өсті

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2020
  • 2528

Карантин кезінде жасөспірімдердің зорлыққа ұшырау деректері күрт өскен. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мұндай сұмдық жағдайлардың әдеттегіден 19 пайызға артқанын мәлімдеді. Ең сорақысы, арам ойын іске асыратындардың көбі жәбірленушінің жақындары мен таныстары екен. Министр мұны пандемия кезінде үйде отырып, ащы суға әуестенгендердің көбейгендігінен деп отыр. Ол жас жеткіншектерді қорлау ғана емес, елде адам өлтіру деректері де 12 пайызға өскен.  

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Көп жағдайда жәбірленушінің жақын танысы немесе туысы тарапынан зорланғаны анықталып отыр. Олар - әкесі, көршісі, өгей әкесі немесе танысы. Мұндай фактілер әрбір отбасы үшін үлкен трагедия, баланың тағдырын сындыру. Жағдайды дұрыстау үшін профилактикалық шаралар күшейіп, есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізілді.

Ә. Мүтәлі