Русский Сайттың толық нұсқасы

Шамалған стансасында айналма жолдың құрылысы келер жылдың күзінде аяқталады, - А. Баталов

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2020
  • 1422

Шамалған стансасындағы айналма жолдың құрылысы келер жылдың күзінде аяқталады. Бұл мақсатқа шамамен 4 млрд теңгедей қаржы бөлінген. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бүгін осыны мәлім етті. Еске сала кетейік, өткен жылы қыркүйекте дәл осы стансада пойыз бен рельстің үстінде тұрып қалған жолаушылар автобусы соғылған еді. Салдарынан қоғамдық көлік жүргізушісі сол жерде мерт болып, тағы 3 адам жарақаттанған болатын.

Амандық БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жұмыс басталып кетті. Үлкен айналма жол. Қазір топырақтан «полотносын» жасап жатыр. 4 млрдтай бағасы. Барлық қауіп-қатер жойылады деп ойлаймын. Бірақ, қиын жағдайдан кейін іске кірістік, бұрыннан жасайтын жұмыс еді.   

Сондай-ақ облыс басшысы коронавируспен күресіп жатқан ақ халаттыларға үй берілетін  айтты. Жыл соңына дейін 47 медицина қызметкері коттеджге жайғаспақ. Ал келесі жылы тағы 60 пәтер беруді жоспарлап қойған. Өңірде коронавирустың жаңа толқынына 9 миллиард теңге бөлініпті.  

Амандық БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді. Бес мыңнан астам медицина қызметкеріне 4,7 млрд теңге сомасында үстемеақы төленді. Ал жергілікті бюджеттен мыңнан астам медицина қызметкері сыйақы алды.

Ә. Өмірзақ