Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының тұрғындары "Астана телеарнасына" алғыс білдірді

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2020
  • 1285

Түркістан облысы Темірлан ауылының тұрғындары біздің телеарнаға алғыс білдірді. Халық көгілдір отынға қол жеткізген.

Мақсұт МӘМБЕТ, ТЕМІРЛАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Осы өркениетке қол жеткізіп жатырмыз ертелі кеш. Ол да болса «Астана» телеарнасының бақылауымен болып жатыр, редакцияға рахмет. Одан басқа аудан басшыларының жігіттеріне рахмет, олар да атсалып тезірек берудің әрекетінде атсалысып қызмет етіп жүрді.


Ауыл тұрғындарының мәселесін апта бұрын "телерепортер" айдарында көтерген едік. Бұған дейін көмір жағып келген ауыл халқы биыл газ келеді деп отында түсірмегенін айтқан болатынбыз. Атқамінерлер бізге берген уәдесін орындады. Бұқараның қуанышында шек жоқ. Үш баланың анасы Нәзира Алатаевада талайдан армандаған табиғи газ кіріп, жұмысым жеңілдеді дейді. Халық көмір тасып, күл шығарғаннан құтылдық деп қуана хабарласты.

А. Төребекқызы