Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда құрылыс ережелерін орындамаған мердігер компанияларға айыппұл салынады

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2020
  • 2122

Әлеуметтік нысандардың неге осы "сырты бүтін іші түтін"? Жөндеу жұмыстары жүрген ғимараттың өзі көз тартпайды. Мұның жауабын "Nur-Otan" партиясының алматылық филиалы тапты. Олар, "Құтты мекен" партиялық жобасы аясында оңтүстік астанадағы жөндеу жүріп жатқан бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Тексеріс кезінде, мердігер компаниялардың салғырттығы байқалды. Құрылыс ережесі сақталмайды, қарапайым талаптар ескерілмейді. Соның бірі қаладағы №40 орта мектептен көрінді. Мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары жоба бойынша өткен жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс еді. Алайда, ол мерзімінен бір жылға қалып қойған. Ол аздай, нысана басындағы құрылысшылар тиісті жалақысын жарты жыл бойы алмаған. №81-ні мектепте де осыған ұқсас жағдай тіркелді. Мердігерлер болса, бәріне карантиндік шектеулерді айыптады.

Ерлан ОМАРОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ИНЖЕНЕРІ:

Карантин кезінде қажетті материалдарды жеткізу қиын. Көптеген кәсіпорындар уақытша жабылып қалды. Оның үстіне жолдар жабылып аймақтардағы құрылысшыларымыз жұмысқа шыға алмай қалды. Сондықтан біздің жұмыс мерзімінен кешігіп жатыр.

Бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін мердігер компанияларға бір ай уақыт берілді. Талап орындалмаған жағдайда мердігерлерге ірі көлемде айып пұл салынады.

Ержан ЖҰМАҒҰЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКТОРЫ:


Қала құрылысын бақылау басқармасының ұсынысы бойынша бір ай уақыт бердік. Ескертулер түзелмесе айып пұл салынады. Олар, «Жұмысты сапасыз орындау» ісі бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш түрінде айып төлейді.

А. Кемелжан