Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда карантиннің жаңа талаптары енгізілді

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2020
  • 2918

Алматыда демалыс үйлері мен сауықтыру орындарының қызметіне рұқсат етілді. Бірақ, келушілердің барлығында ПТР сынамасы болуы міндетті. Қала берді онда адамдар 3 күннен артық тұрақтай алмайды. Ал, қонақ үйлер кесел жоқ екенін растайтын анықтамасыз қабылдай беретін болды. Мегаполистің бас санитар-дәрігері осындай қаулы шығарды. Денсаулық сақтау министрлігі болса, індетке қарсы препараттың санын арттыру үшін қосымша қаржы іздеп жатқандарын айтты.  Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, COVID-19-ды емдейтін вакцинаны күтіп жүргендерін жеткізді. Айтуынша, Ресейлік екпе дайын болса 2 миллион доза сатып алу жоспарланған. Әзірге жаңа дәріге жүргізіліп жатқан сынақ аяқталған жоқ.

Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол Ресейдің де, Қытайдың да, "Астразенека" бар сол жаңағы берілген "Модерна" бар, соның бәрін сараптап отырмыз. Егер қазір сол толықтай қауіпсіздігі дәлелденсе сол жағдайда сатып алуға дайын екенімізді айта аламыз.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға да қысқаша тоқтала кетсем. Өткен тәулікте, COVID-19-ды 570-ке жуық адамнан анықталған. Тең жартысы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Өңірдегі ахуал ушығып тұрғандықтан аймақтың бас санитарлық дәрігері карантинді 25-ші қарашаға дейін созуға шешім қабылдады.

А. Данияр