Русский Сайттың толық нұсқасы

Кейбір күштер этникалық мәселелерді жеке мақсаттарына пайдаланғысы келеді - Елбасы

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2020
  • 2148

Кейбір күштер этникалық мәселелерді жеке мақсаттарына пайдаланғысы келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында осылай деді. Сондай-ақ, ол арам пиғылды жандардың әлеуметтік желіні пайдаланып халық пен билік арасына от салып жатқанын да атап өтті. Қарамағындағыларға аса мұқият болып, мейлінше халықтың әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасалу қажет екенін еске салды. Өйткені, тұрмыс тауқыметі қазақстандықтардың үдере қашуына әкеп соғуда, дейді Тұңғыш Президент.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біреу Қазақстаннан басқа елге көшкенін естіген кезде қатты күйзелемін. Көшудің қажеті қанша? Олар барған жердегіден де жақсы жағдайды жасай аламыз. Сол үшін жергілікті әкімдер өте мұқият болуы тиіс. Неге көрші елдің ЖОО-ларына кетіп жатыр? Ендеше біздің ЖОО-ын олардан жақсы ету керек.

Сондай-ақ, Елбасы қазақ тілінің бүгінгі жай-күйіне алаңдайтынын білдірді. Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігіне бірлесіп, тіл меңгерудің тиімді жүйесін құруды тапсырды. Әр бала мектеп бітіргенге дейін ана тілінде сөйлейтіндей жағдай жасауды міндеттеді.  Бұдан өзге, жақында өтетін Парламент сайлауынан үлкен үміт күтетінін де жеткізді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Парламентке ең лайықты деген адамдар өту тиіс. Сол үшін «Nur Otan» партиясы праймериз өткізді. Қатысам дегендердің барлығы қатысты, өз пікірлерін айтты. Ол пікірлер жиналды. Оның пайдасы зор болады деп санаймын.

А. Мүтәлі