Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда трамвай қаққан бала ауруханадан шықты

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2017
  • 2439

Павлодарда трамвай қағып кеткен жеткіншек ауруханадан шықты. Дәрігерлер, 8 жасар Маралдың денсаулығы жақсы, алаңдауға негіз жоқ, дейді. Бірнеше ай бойы мамандардың жіті бақылауында болуы керек. Осыған орай анасы мен туыстарына нұсқаулық берілген. 

Талғат Қасымбеков, травматолог-дәрігер:

Дене шынықтыруға 3 айдан 4 айға дейін қатысуға болмайды. Және де оны жергілікті жер бойынша хирургтар қарап, динамикада, сосын ары қарай шешеді. Оны ұзарта ма немесе азайта ма, сол кісілер шешетін болады. 

Марал қыркүйектің 7-сінде ауруханаға түскен. Мектепке бара жатқанда апалы-сіңлілі қыздарды трамвай қағып кеткен еді. Бірі оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін павлодарлық белсенділер мен білім басқармасы мамандары жалғызбасты анаға көмек ретінде баспана алып беруге шешім қабылдады. Қайырымды жандар қаржы жинап, Екібастұз қаласынан 8 жарым млн теңгеге 3 бөлмелі пәтер сатып алынған. Тағы біраз қаражат жөндеу жұмыстары мен жиһаз алуға жұмсалса, қалғаны балалардың атына депозитке салынады,- деді білім бөліміндегілер. Жалпы қайырымдылық акциясы барысында 20 млн теңгедей ақша жиналған.