Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары зиратты сенімгерлікке алған мекеменің талаптарымен келіспейді

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2017
  • 2859

Ақтөбенің іргесіндегі Қурайлы ауылында зират айналасындағы дау тиылмай тұр. Шаһар басшылығы тұрғындармен кездесіп, мәселені түсіндіруге тырысты. Олардың тілек-талабы ескерусіз қалмайтынын айтты. Зираттарды сенімгерлік басқаруға алып отырған мекемеге қойылып отырған талаптардың бар екенін жеткізді.

Нағымжан Алдияров, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

Бұған дейін бір ғана зиратты ұстап тұруға қаржы бөлінді. Ол қалалық Кирпичный елді мекенінде. Енді қалған зираттарға қазір бюджеттен ақша бөлініп жатқан жоқ. Оны сенімгерлік басқаруға алған мердігер мекеме өз қаражатына соны жөндейтін болады. Оған қосымша жүктеме бұған дейінгі қолданыстан тыс тұрған зираттарды қоршау жүктелген.

Еске салсақ, қорымды 5 жылға сенімгерлік басқаруға алған компания, қайтыс болған әр адамның жерлеу рәсімі үшін, 105-110 мың теңге талап етті деп, ауыл тұрғындары шағымданған. Бұл бағаға зиратты қоршап, тазалығын сақтау да енгізілген. Алайда, Қурайлыдағы зиратты бұған дейін ауылдықтардың өздері қоршап, күтімге алған еді. Олар жаңа қожайынның келуіне үзілді-кесілді қарсы. Мың жарым адамның қолын жинап, қала әкімдігіне арызданған. Жауапты тұлғалар жерлеу рәсімінің бағасы қандай шамада болатынын ашып айтпады. Зиратты сенімгерлікке алған компания өкілі бағаның әлі қаралатынын жеткізді.

Тұрақ Жанасаев, ауыл тұрғыны:

Түсіреміз, дейді. Ол қазір түсіреді, бір жарты жыл түсіреді. Ертең алып алғаннанн кейін олар 105 мың емес, 210 мың қоюы ықтимал. Бұлардың барлығына біз қарсымыз, сенбейміз біз!