Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандықтар туу туралы куәлікті уақытында ала алмай отыр

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2020
  • 3127

Түркістанда жаңа туған сәбилерге туу туралы куәлік берілмей жатқанына екі ай болды. Astana Times бұл мәселені мұның алдында да көтерген. Өткен аптада ғана, көрерменіміз телефон соғып өз уәжін айтқан еді. Бірақ, Кентау атқамінерлері сол күні тұтқаны көтермей құтылып кетті. Алайда шенеуніктер, арызданған көрермен мәселесін сол күні "шешіп беріпті".

Жауаптылар тілшілеріміз хабарласқаннан кейін үш сағаттың ішінде куәлікті дайындап, әкеп берген. Үш сағатта шешілетін мәселені, Кентаулық мамандар неге бір айға созғаны белгісіз.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Тағы бір мәселе. Метірке тақырыбы Түркістанда "күйіп" тұрған көрінеді. Телефон соғып, хат жазып тағы бірнеше жаса ана бізден көмек сұрады.

Мона ЕРМЕКҚЫЗЫ, ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен 4-ші октябрь күні тапсырғам. Уже ноябрьдің ортасы да. Не докторға көрсетейін десем де, учасковый врачьқа көрсетейін десем де оған метрке керек.

Жазира  ӘЛІМБЕКОВА, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барасың, жоқ. Барасың жоқ. Болды жоқ дейді да, отыра береді. Келген жоқ бізге. Ол біздің кінәміз емес дейді да, отыра береді да.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мән-жайды анықтау үшін бұл жолы түркістандық шенеуніктерге атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір осы сұрақ бойынша Әділет министрлігінің облыстық әділет департаментінің басшысының орынбасары Айдос Тоғызбаев байланысқа шыққалы тұр. Айдос Мүсірәліұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Өңір тұрғындарының шағымынан хабарыңыз бар шығар. Олар неге әлі күнге дейін туу туралы куәлікті ала алмай отыр?

Айдос ТОҒЫЗБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде биыл демографияның көбеюіне байланысты алдыңғы жылмен салыстырғанда 2020 жылдың 9 айында 48 242 нәресте дүниеге келген. Ал 2019 жылдың 12 айын алатын болсақ, 36 мың 242 нәресте дүниеге келді. Яғни, былтырмен салыстырғанда 12 мың нәрестеге көбейген. Осыған байланысты туу туралы куәліктер жетіспей тұр. Бұл бланкілер ҚР ұлттық банк банкнотында дайындалады. Алайда, алдыңғы жылмен салыстырғанда туу көрсеткішінен көбюіне байланысты тез жетпей қалды. Алдағы уақытта жеткізілетін болады.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Құжатты қолдарына нақты қашан алады?

Айдос ТОҒЫЗБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

10 шақты күннің ішінде береміз. Қазір Түркістан облысына 30 мың дана бланк алынуда.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Кейінгі туған сәбилердің де ата-анасы осылай сандалып жүрмей ме?

Айдос ТОҒЫЗБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір біз ол кісілерге анықтама беріп жатырмыз. Сандалтпауға тырысамыз. Уақытылы береміз. Келешектен бастап.


Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Неге бұл мәселе біз хабарласқаннан кейін ғана шешіліп жатыр. Бұған дейін қимылдауға болмады ма?


Айдос ТОҒЫЗБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жоқ, негізі бұған дейін болған кезде алдыңғы жолы Атырау қаласынан бланкі алып келгенбіз.  Басқа да өңірлерден алып жатырмыз. Облыста демографияның көбеюіне байланысты.


Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Түркістан облысының тұрғындары жақын күндері құжаттарын қолдарына алады деп сенеміз. Ал біз өз тарапымыздан мәселе шешімін тапқанша бақылаула ұстайтын боламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған мәселе болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Мүтәлі