Русский Сайттың толық нұсқасы

Таңбасы жоқ тауарды дүкен сөресіне қоюға тиым салынбақ

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2020
  • 2025

Ауылда құлағында таңбасы жоқ қойды өріске қостырмайтын еді, енді таңбасы жоқ тауарды дүкен сөресіне қоюға тиым салынады. Бүгін Үкімет отырысында осы мәселе тағы талқыланды. Осы арқылы көлеңкелі бизнестің жолын кесеміз деді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың дерегінше соңғы 4 жылда Қазақстанға 30 млрд теңгеден астам контрафакті тауарлары әкелінген. Тексерілмеген тауардың қауіптілігі де бар. Бұл халықаралық тәжірбиеге сай қолға алынған жоба. Ол бюджетке салық түсімдерін ұйғайтуға мүмкін береді.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Сапалы тауар қауіпсіз кепілі. Тауар таңбалауға Қазақстан өткен жылдан бері білек сыбана кірісті. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қолға алынған ортақ келісімді қолдаған болатын. Соның нәтижесінде теріден жасалған бұйымдар мен темекіні таңбалау тәртібі енді. 


Бұл шешім көлеңкелі бизнестің алдын алып, тұтынушыға қауіпсіз өнім ұсынады. Тіпті бюджет үшін де пайдалы көрінеді.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
 
Қазақстанда 6 сала бойынша таңбалау тәртібін енгізу көзделген. Таңбаланатын тауар топтарында көлеңкелі нарық көлемі сараптамаларға сәйкес 63 пайызға дейін жетеді. Таңбалау енгізілгеннен кейін заңды тауар айналымының көлемі 337 миллиард теңгеге, ал бюджет кірістері 58 миллиард теңгеге артады деп болжанып отыр.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, тауары таңбаланбаған бизнес шетел нарығына шыға алмайды. Есесін бюджетке салық пен кеденнен түсім өскен. Қазір темекі мен теріден бөлек пилоттық жоба ретінде, дәрі-дәрмек, алкоголь, аяқ киім және сүт өнімдерін таңбалау басталды. Болашақта бұл тізім тағы толығуы мүмкін.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:


Таңбаланған тауарлардың тізбесін кеңейту жұмысын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде тауарларды таңбалаудың енгізілу процесін ескеріп жүргізу қажет. Бұл кедергісіз өзара сауданы дамытуға ықпал етеді. Мұнда бақылау-сәйкестендіру белгілерін өзара тану - маңызды мәселе.


Тауаларды таңбалаудың техникалық жағына «Қазақтелеком» жауапты.  Олар темекі өнімдерін сататын 80 мың бөлшек сауда орнының 42%-ы бұл міндеттемені жүзеге асыруға дайын- деді.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:


Ал таңбаланбаған өнімді саудагерлер келер жылдың бірінші қазанына дейін сатып үлгеруі тиіс. Айтаке кетейін жоба мемлекеттік қаржыландыруды талап етпейді. Ол толығымен бірыңғай оператордың қаражаты есебінен жүргізілмек.  

Ә. Өмірзақ