Русский Сайттың толық нұсқасы

Шопанға, "Есірткі мен қару-жарақты заңсыз сақтады", деген айып тағылды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2020
  • 2251

Айдалада мал бағып отырған шопан, жамбылдық қырағы тәртіп сақшыларының көзіне іліккен. Полиция тіпті арнайы операция жүргізіп, қыстақты бастан-аяқ тінтіп шыққан көрінеді. Нәтижесінде малшының үйінен 1,5 келі марихуана, 5 мылтық және 56 дана оқ-дәрі табылған. Қаруға тиісті құжаттар болмай шыққан. Шопанның қорасынан сондай ақ, "қызыл кітапқа" енген "қарақұйрық", терісі шығыпты. Шаруа айыбын мойындады әрине. 34 жастағы мойынқұмдық малшыға енді, "Есірткі мен қару-жарақты заңсыз сақтады", деген айып тағылып отыр.

Асқар ЖҰМАБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

 
Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазір аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін іс қозғалды. Бұл әрекеті үшін ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, заңсыз аң атқаны үшін 3 жылға дейін сотталуы мүмкін.


Б. Жұмабай