Сұмдық жайт! Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде қарт ананы пышақтап, келінін бауыздап кеткен. Жантүршігерлік оқиғаны бірінші болып, үйіне келген отағасы көрген. Ол дереу полицияға хабарласып, дәрігерлерді шақыртқан. Алайда, қансыраған әйелінің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Ал анасы жансақтау бөлімінде жатыр.
Бегман ҚҰТМЫРЗАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Ағымдағы жылдың 16-қарашасында 102 пультіне 42-жастағы ер адам хабарласып, үйінен пышақ жарақаттарын алған анасы мен жұбайын тапқаны туралы арызданған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріпті. Қаской 40-жастағы Жамбыл облысы Пригородный ауылының тұрғыны. Ол бұған дейін де адам өлімі мен қыз зорлау дерегі бойынша сотталған. Ер адам өзіне тағылған бар айыпты мойындапты. Ол өз әрекетін дастархан басындағы ұрыс-керістен кейін болды деп түсіндірген. Қазір болған жайт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
А. Мүтәлі