Русский Сайттың толық нұсқасы

Эльмира, Бота және Арай электронды аукционға шықты

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2020
  • 2610

Алматы циркінің түйелері сатылып жатыр. Цирк басшылары мұны растады. Олар түйелерді сатуға мәжбүр болғандарын айтты. Өйткені жануарларды үйрететін мекемеде маман жоқ. Бары   жұмыстан кеткен.  

Мақсат ЖАЙЫҚОВ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізі бір үйретушіден екінші үйретушіге түйелердің үйренуі қиын. Өйткені бота кезінен үйреніп қалғандықтан басқа үйретушіге олар үйренбейді. Соған байланысты жұмысқа жарамсыз болып қалды түйелер. Көркемдік кеңестің шешімімен түйелер аукционға қойылды. Рацион бойынша тамақтанып жатыр жем-шөптері бәрі орнында толықтанған.


Қазір ойсылқараның төлін электронды аукционға шығарған. Үйретілген 5 нардың алғашқы бағасын 2 млн 636 мың теңгеге бағалап отыр. Түйлердің аттары - Эльмира, Айка, Бота, Арай және Мереке. Дейтұрғанмен мемлекеттік мекеме өкілдері бұл жағдайдың карантинге еш қатысы жоқ екенін айтып ақталды.

Ә. Лесбек