Русский Сайттың толық нұсқасы

Қыпшақ саяжайының оқушылары автобусқа отыру үшін 3 шақырым жаяу жүреді

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2020
  • 2364

Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданына қарасты Қыпшақ саяжайы оқушыларының мектепке қатынауы мұң. 400-ге тарта бала қалаға қатынап оқиды. Алайда автобус бекетіне дейін олар 3 шақырым жаяу жүретін көрінеді. Бүлдіршіндеріне алаңдаған аналар редакциямыздан көмек сұрады. Айтуларынша аудан әкімі балалар үшін барлық жағдайды жасаймын деп уәде берген. Бірақ, сөзінде тұрмады, дейді тұрғындар.

Сымбат ЫСТЫБАЕВА, ҚЫПШАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біздің саяжайға мектеп автобусы тек бір-ақ рет кірді. Содан соң алып тастады. Бізге трасса алыс. Сондықтан қоғамдық көліктің саяжай ішіне қатынағаны дұрыс болар еді.


Дәл қазір осы мәселеге жауапты атқамінерлерге хабарласып көрейік. Бізбен тікелей байланыста Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова шығып отыр. Динара ханым, қайырлы кеш! Автобус неліктен саяжай ішіне кірмейді? Ата-аналарға аудан әкімінің өзі де уәде берген екен. Уәде неліктен орындалмай келеді?

Динара ТӨЛЕМІСОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Бұл мәселе аудан әкімінің назарында. Қазір саяжайға автобус кіргізу жайлы хат дайындап, маи қызметкерлеріне жолдадық. Шамамен бірнеше аптада мәселе толықтай шешіледі деп сенеміз.


Сұхбатыңызға рақмет! Айтылған уәделерді жуық арада орындайды деген сенімдеміз. Шешілгенше бұл мәселені біз өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған мәселе болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Хат жазыңыз, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов