Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетаулық құтқарушылар кәріздік шұңқырдан 5 күшікті құтқарып қалды

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2020
  • 1787

Соңғы ақпарат. Көкшетаулық төтенше жағдай қызметкерлері ерекше құтқару операциясын жүргізді. Мамандар кәріздік құдық ішінен жаңа туылған бес күшікті аман алып шықты. Жердің астынан шыққан қыңсылаған дауысты алдымен еріктілер естісе керек. Телефон соғып, құтқарушыларды солар шақыртқан. Кәріздік шұңқырдың беті ашылғанда ішінен 8 күшік тапқан екен. Алайда оның үшеуі үсіп қалыпты. Көзін әлі ашпаған, қалған 5 күшікті құтқарушылар сол волонтерлерге сеніп тапсырды. Аман қалған күшіктерді еріктілер мейрімді көкшетаулықтарға тегін таратып бермек.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Ақан сері мен Назарбаев көшесі қиылысындағы кәріздік шұңқырда күшіктер жатқаны туралы хабар түсті. 112 номеріне еріктілер телефон соғыпты. Құтқару операциясына 1 бірлік техника мен 6 құтқарушы қатысты.

Д. Мұхаммедкәрім