Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда үй күтуші зейнеткердің пәтерінен қомақты ақша ұрлап кеткен

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2020
  • 2854

Қостанайда үй күтуші зейнеткердің үйінен бірнеше мың доллар мен еуроны үптеп кеткен. Тіпті ақшаның бір бөлігін депозитке салып үлгерген. Сан соғып қалған 63 жастағы қала тұрғыны, полицияға жүгініп, пәтерінен 7 мың 200 доллар мен 2 мың 800 еуро ұрланғанын хабарлапты.  Жәбірленуші қыркүйек айынан бастап пәтерін жинап тұруға бейтаныс әйелді жалдаған көрінеді. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері 47 жастағы тұрғынды ұстады. Күдікті ұрлық жасағанын мойындаған. Алайда ақшаның бір бөлігін жұмсап қойған. Қомақты қаражатты қолды қылған қостанайлық енді, 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бейімбет СЕРІКБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:


Ақшалай қаражаттың жартысы жәбірленушіге қайтарылды. Қалған соммаларын айтуы бойынша ол несие жапқан, туыстарын берген. Және банкке депозитке салып қойған. Қазіргі таңда қылмыстық іс қылмыстық  кодекстің 188-бабы, 3- бөлігімен  қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


З. Санай