Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш күннің ішінде індет жұқтырғандардың санын азайтамыз, - ШҚО әкімі

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2020
  • 1753

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 800-ге жуық адамнан коронавирус анықталды. Басым бөлігі Шығыс Қазақстанда тіркелген. Аймақта блок-бекеттер қойылса да, жағдай ретке келер емес. Облыс әкімі бүгін брифинг өткізіп, үш күн мұрсат сұрады. Осы аралықта оң нәтиже болады деп сендірді. Шығыста індет жұқтырғандардың артуына қандай фактор себеп? Елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы әріптесім Асылбек Данияр баяндайды.

Шығыс Қазақстан облысында жағдай әлі ұшығып тұр. Аймақ басшысының сөзіне сенсек, вирусты науқастар - негізінен адам көп шоғырланған жерлер мен қоғамдық көлікте жұқтырған. Сонымен бірге, ахуал қиындай түссе де санитарлық талаптарды сақтамайтындар көп деді. Өңірде карантин күшейтіліп, блок-бекеттер қойылғалы 20 күнге жуықтаса да, ахуал неге тұрақсыз?

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


7 қарашада 353 кісі болды, қазір 242. Үш күннен кейін көресіз біздің қандай нәтижеге жететінімізді. Оған коронавирусқа тек уақыт керек. Біз шектеулі мәселені іске салдық.

Мына кадрларды көрсеткен ек. Шулаған жұрт COVID-19-дың жоқтығын көрсететін сараптама нәтижесін күтіп отыр. Арнамызға шағымданған тұрғындардың сөзінше, анықтаманы 2 апта күткен.  Әкім бұл процесстің 36 күн күнге созылған жайттары да болғанын айтты.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

7 ПЦР зертханасын сатып алдық 25 қарашаға дейін барлығы іске салынады. Оның қуаттылығы 7000 тәулігіне, сол себептен осы мәселе сөзсіз шешіледі. Мен жақсы білемін, қанша күнде қаншама сағат ПЦР лабороторияда бірінші нәтиже шықпай тұрғанын.

Шығыспен бірге ел президентінің сынына  Солтүстік Қазақстан облысы да іліккен болатын. Осыдан кейін өңірдің бас санитарлық дәрігері жұмыстан кетті. Ал аймақта жағдай күрделеніп барады. Бүгін коронавирус ауруы 85 адамнан анықталған. Бұл өткен аптадағы көрсеткіштерден екі есе көп болып отыр. Құзырлылар енді карантин шараларына өзгеріс енгізбекші.

Арман КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ УАҚЫТША м.а:

Азық-түлікті сату нысандары, тамақтану орындары мен моншалардың жұмыс уақытына қатысты өзгерістер енгізіліп жатыр. Бақылау барысында біз көп кісілердің ауырса да жұмысқа баратынын анықтадық. Әбден ауруы асқынғаннан кейін ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Сондықтан әрбір азаматты өз ісіне жауап беруге шақырамын.

Бұдан бөлек оқушылар арасында да індетке шалдыққандар азаймай тұр. Бүгінге 1251 бала ауырып жатыр. Ең көп жағдай тағы Шығыста. Осыған байланысты аймақта 93 мектеп карантинге жабылыпты.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Қазіргі кезде 646 мектептің 223 штаттық режимде жұмыс істеп жүр. Қалғаны дистанционный.

Қазақстандағы жалпы эпидемиологиялық ахуалға келсек, өткен тәулікте тағы 800-ге жуық адамнан дерт анықталған. Пандемия басталғалы жалпы науқастар саны 123 мыңнан асты. Ал, індет құрбандары 1970-ке жетті.

А. Данияр, А. Құрманкин