Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада 54 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік жасалды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2020
  • 1795

Қызылордада 54 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік жасалған. Бұған қоса, 200-ге жуық шағын және орта бизнес өкілі ғимарат жалдау ақысынан жыл соңына дейін босатылды. Мұны, аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтып отыр. Облыс әкімнің айтуныша, жабылып қалған кейбір кәсіпкерлер қызмет бағытын өзгертіп жұмысын жандандырған. Мәселен тойханалар осы күнде, өнім өндіретін цех пен балалар ойын-алаңына айналған. "Бұл тәжірибе, басқа кәсіпкерлерге ұсынылмақшы", деді Гүлшара Әбдіқалықова. Аймақта сондай ақ балық шаруашылығын дамыту көзделген. Ол, үшін 10 жылға 28 миллиард теңге қаражат қарастырылған.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сол кезеңге дейін аймақта 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады. Жаңа өндіріс тауарлы балық көлемін 34 есеге арттыруға жол ашады. Нәтижесінде балық өнімінің экспорты 4,2 тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін артады.

Ғ. Өтемісов