Русский Сайттың толық нұсқасы

Беларус билігі митингке шыққан 200 адамды ұстады

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2020
  • 1890

Беларус халқы митингке тоқтаусыз шығып Лукашенконың мазасын әбден қашырды. Билік түрлі айлаға көшіп жүздеген адамды ұстап жатыр.

Халық та қарап қалмады. Олар, митинг тактикасын өзгерткен. Енді жұрт, алаңға жиналмай аула-аулада шеру өткізуде. Бұған оларды биліктің өзі итермелегендей. Жуырда өткен "Фашизмге қарсы маршында", жүздеген адам ұсталып, қамауға алынды. Олардың дені, қолдарына Беларустың ескі, "ақ-қызыл-ақ" туын көтеріп шыққан. Күштік құрылымдар болса, елді қуу үшін түрлі арнайы техника пайдаланды. Мобилді интернет өшіріліп, көшені ОМОН басты. Бірақ митингілер басылатын емес. Әсіресе ел астанасы Минскіде шеру қызып тұр. Еске сала кетейін. Беларусте толқулар тамыздың 9-да басталған.

Д. Мұхаммедкәрім