Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шымкент - ТМД-ның мәдени астанасы" жылы жабылды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2020
  • 2023

"Шымкент - ТМД-ның мәдени астанасы" деп аталатын жыл, жексенбі күні салтанатты түрде жабылды. Достастық елдерінің өкілдері тарихи сәтті тікелей эфирден тамашалады. Демалыс орындарында театрландырылған көріністер, түрлі көрмелер көпшілік назарына ұсынылды. Жылды қорытындылаған шаһар әкімі Мұрат Әйтенов эстафетаны Душанбеге табыстады. Сондай-ақ, Тәжікстанға кітап, тұмар және қызғалдақтың түйнегі салынған керуен, "Жібек жолымен" жолға шықты. Әрқайсысынан 2 мың 200 данадан салыныпты, бұл сан - тегін таңдалмаған. Өйткені биыл Шымкент шаһарына 2 мың 200 жыл толып отыр. Ал, тұмарға қала халқының Душанбе тұрғындарына арнаған ізгі тілегі, ыстық ықыласы салынған. Айта кетейік, бір жыл бұрын ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын Шымкент қабылдап алған еді. Пандемияға тұспа-тұс келгендіктен 1 мың 734 іс-шара онлайн форматта өтті.

А. Төребекқызы