Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда орталықтандырылған газбен жылытылатын баспанада жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2020
  • 2698

Таразда орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған үйде жарылыс болды. Күйіп қалған 11 жастағы бала қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, анасы дін аман. Баспана болса тұруға жарамсыз болып қалды.

Келеңсіз оқиға қала шетіндегі Қарасу тұрғын үй алабында түс ауа болған. Үй иесінің айтуынша, бұл көшеге газ тарту жұмыстары былтыр басталды. Кеше ғана көгілдір отын қосылыпты. Бірақ үй суық болғандықтан мұнда түнемедік деді. Бүгін келіп, баласы үйге кіре жарықты қосқаны сол еді, жойқын жарылыс орын алды деп отыр. Көршілерімен бірге қирандылар арасынан жеткіншекті алып шыққан. Дегенмен жарылыстың неден болғанын ешкім білмейді.

Ермек МЫҢБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ:
 
13 сағат 50 минутта төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне. Газ ауа қоспасының жарылу туралы хабар түсті. Жарылыс нәтижесінде тұрғын үйдің бір бөлігі шамамен 40 шаршы метр қираған. Жарылыстан кейін өрт орын алмаған. Себебі мен шығыны анықталуда.


Айта кетейік, үш баласы бар отбасы қазір үйсіз қалды. Газ тартуға жауапты мердігер компания оларға уақытша тұруға баспана ұсынатын болды.  

Б. Жұмабайұлы