"Бізді мазақ етіп отыр." Түркістан облысы Сайрам ауданының бір топ бала-бақша қызметкерлері "білім бөлімі бізден соңғы 5 айлық жалақымызды мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр", дейді. "Әйтпесе, қараша айындағы еңбекақыдан қағыласыңдар" деп "қорқытқан" көрінеді. Мекеме ол туралы құпия бұйрық та шығарып қойыпты. Алдымен арнамызға хабарласқан тәрбиешілерді тыңдап алайық.
Хәлида ӘДІРАИМОВА, БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Ал егер ол ақша қайтарылмаса, осы айда бізге айлы берілмейді екен. Жұмысшылардың көбісі көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, осы жалақымен күн көріп, бала-шағасын асырап отырған, барлығының басында мемлекетке берешек қарызы бар, яғни кредиттері бар.
Мәселенің ақ-қарасын білмекке түркістандық атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір осы сұрақ бойынша бізбен тікелей байланыста Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Құралай Шадиева, шыққалы тұр. Құралай Балтабайқызы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Тәрбиешілердің еңбекақысын қайтарып алу деген қайдан шығып отыр? Бұл не деген бұйрық?
Құралай ШАДИЕВА, САЙРАМ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл мәселе біздің ауданымызда көтерілді. ҚР-ның еңбек кодексі бойынша 112 бабында көрсетілген. Бос тұрып қалу уақытында ақы төлеу мәселесін біз осы балабақшалардың жұмыстарын енгізілген болатын. Ең төменгі жалақыға түсіру. ҚР еңбек кодексінде көрсетілген. Дегенімен, бүгінгі таңда бұл ұсыныс шешімін тапқан жоқ. Өз қалпында жан басына шаққанда қаржыландыру бойынша 21 мың теңге барлық балабақша қызметкерлеріне төлеп отырмыз. Мәселе шешілді. Біздің ұсыныс хаттамамыз болатын.
Рақмет, сұхбатыңызға! Сайрам ауданының бала-бақша қызметкерлері өздеріне тиесілі жалақыны алады деп сенеміз. Жағдайды өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан жайт болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз.
А. Мүтәлі