Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәртіп сақшыларын балағаттаған атыраулық қыз әкімшілік жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2020
  • 2256

Атың шақпаса - жер өрте. Атыраулық 23 жасар қыз бала ғаламтор арқылы атын шығарды. Ол, әлеуметтік желіде тікелей эфирде отырып патрульдік полицияны балағаттаған.

Полиция департаменті таратқан деректерге қарағанда, бұл кикілжің «Hyundai» көлігін тоқтатқанда болған. Жолаушы қыз, тәртіп сақшыларының жеті атасын әбден түгендепті. Ол аздай, бойжеткен сосын Instagram-дағы парақшасында ауызына келгенде айтқан. Кейіннен, наркологиялық сараптамада бойжеткеннің орташа дәрежеде ішімдік ішкенін анықтады. Қыз бала артынан өкініп, полиция бөлімінде кешірім сұрады.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

"Құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау" бабы  бойынша  хаттама толтырылды. Кейін сот шешіміміен оған ескерту берілді. Ал, көлігіне ксенон лампасын таққан жүргізушіге қатысты да ӘҚБтК хаттама рәсімделіп, 27780 теңге айыппұл салынып, көлігі тұраққа қойылды.

Б. Нәдірқызы