Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорған облысындағы газ жарылысынан сегіз адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2020
  • 3145

Алматы облысындағы Еркін ауылында газ жарылып сегіз адам зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денесі 50-ден 98 пайызға дейін күйіп қалған.  Жапа шеккендердің арасында  8, 10 және 14 жастағы балалар бар.

Жарылыс Талдықорғанның іргесіндегі Есік ауылындағы жер үйлердің бірінде болған. Құтқарушыларды болжамынша, сиымдылығы 5 литрлік газ баллоны жарылыпты. Жарылыстың қаттылығы сол, үйдің қабырғалары сөгіліп, шатыры опырылып түскен.

Қанат АЛТЫНБЕКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Қайта жарылыстан өрт шықпаған. Облыстық Төтенше Жағдайлар Департаментінің  28 қызметкері мен 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы тартылды. Алдын ала болжам бойынша пештің қасында тұрған газ баллоны жарылған.

Ал, жапа шеккендердің төртеуі осы уақытта жан сақтау бөлімінде хал үстінде жатыр. Дәрігерлер, науқастардың жағдайын "ауыр" деп бағалап отыр.

Ләйлім ӘУБӘКІРОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 
Төрт пациенттің жағдайы өте ауыр. Облыстық ауруханада ем қабылдап жатқан екі пациенттің жағдайы тұрақты ауыр. Ал облыстық балалар ауруханасында жатқан екі баланың жағдайлары тұрақты ауыр.


Ә. Лесбек