Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында апатты жағдайдағы ауруханада адамдар емделіп жатыр

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2020
  • 2244

Ақтөбе облысында апатты жағдайдағы ауруханада адамдар емделіп жатыр. Редакциямызға хабарласқан тұрғынның сөзінше, жарылған қабырғасы құлауға шақ тұр. Байғанин ауданына қарасты Қараугелді ауылдағы жалғыз ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі дегелі ұзақ уақыт болған.  Бірақ баяғы жартас, сол жартас. Бұл жағдайдан жергілікті билік өкілдерінің хабары болса да ешқандай шаруа атқарылмапты. Жағдайға алаңдаған көрерменнің шағымына құлақ түрсек.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Шытынып жаңағы адам жататын жағы құлап кетейін деп тұр. Ішіндегі дәрігерлерден сұрағанымда да солай айтқан. Астыңғы жағы, адам жататын жері қауіпті деп. Қаражат жоқ деп оған.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Қазір бізбен байланыста Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров бар екен. Қайырлы кеш, Қайрат Орынбасарұлы! Шағымды естідіңіз, апатты жағдайда деп танылғанына қанша уақыт болды?

Қайрат ОТАРОВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Саламатсыз ба? Негізі бұл аурухана апатты жағдайда емес. Бұлай қорытынды жасап отырған «Астана АРТ строй» деген мекемесі. Ғимарат негізі былай тарқатып айтатын болсақ, 2007 жылы пайдалануға берілген.  Осылай ауруханада жарық пайда болғаннан кейін осы қаражат шығарылып, осы мекемеге келіп экспертиза жасап толық тексерген. Сол тексерудің қорытындысы бар қазір. Ол жер апатты емес, тек күрделі жөндеу жұүмыстарын жүргізу керек деп жауап берді.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Ол жерде науқастар жатыр, күнделікті келіп-кететін адамдар бар. Тіпті аурухананың өзінің қаншама қызметкері күні бойына жүреді. Қорықпайсыздар ма? Бір күні құлап қалады деп? Құдай сақтасын, дегенмен олай болып жатса, кім жауап береді? Болжам жақсы емес сияқты.


Қайрат ОТАРОВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Олай емес Құдай сақтасын. Өздері осы мекемені келіп тексерді. Сонымен қатар, осы былтыр жұмысқа кіріскен кезде өзім аурухана жұмысымен таныстым. Арнайы комиссия құрылған болатын, барлық мамандар бар.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Жөндеу жұмыстарында созбаққа салып жүр екенсіздер. Неге жөндемеске?

 
Қайрат ОТАРОВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір бюджеттен 52 миллион теңге қаралып, сметалық құжаттама толтырылды. Қазір экспертизадан өткізу сатысында, осы жылдың аяғына дейін экспертиза толығымен бітеді. Мен облыстық денсаулық сақтау басқармасымен хабарласудамыз, олар 2021 жылдың бюджетіне 218 миллион қаражат бөлініп, сол қаражатқан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше тұрғындармен байланыста болады. Тағы да сағызша созылып кетпей шешіледі деген сенімдеміз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Данияр