Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 250 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2020
  • 2155

Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауыты жабылмақ. Ол жабылса, 250 жұмысшы, жұмыссыз қалады. Зауыт жұмысшалыры осыны айтып, мәселеге биліктің араласуын талап етті. Бүгін олар кәсіпорын  жұмысын тоқтатты. Жиырма жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан зауыттың жабылуына қарсы. Тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Бұл - Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының жұмысшылары. Әрқайсысы осы зауытта он жылдан жиырма жылға дейін қызмет етіп жүр. Олар зауыт жабылса жұмыссыз қаламыз деп қауіптенеді. Көпшілігі отбасының жалғыз асыраушысы. Несиемізді де жаба алмай қаламыз дейді.

Хайдар МҰСТАФИН, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Кеше естідік зауытты жауып, Өзен қаласына көшіру туралы. Зауыт жаппасын, ешқайда көшірмесін. Менде бар кредит мына халықта да бар. Менде бар ипотека мына халықта бар. Көмек керек. Шенді ағалар аралассын.

Серік ТАСЕМЕНОВ, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Пенсияға екі жыл қалды. Бұдан бір жыл, жарты жыл қалғандар бар. Қайда барамыз? Бізді кім алады?! Соны мен түсінбеймін. Үстідегілер не ойлайды? Меңімше бұл чисто бизнес.


Мұнай жабдықтарын жасайтын зауыт, бұл аймақта 2001 жылы ашылған. Ел ішінде оның  баламасы жоқ. Өткен жылы отандық нарықтың 97 пайызын өз өнімдерімен қамтамасыз еткендерін мақтанышпен айтады. Қалтқысыз жұмыс істеп келген зауытты жабуға жол бермейміз деп отыр.  

Лариса ЧЕРНОВА , ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Біз өз зауытымыз үшін күресеміз. Өйткені бізде адамбыз. Бізде өмір сүргіміз келеді.

Зауыт басшылығының айтуынша бұл тапсырыс беруші - "Өзен Мұнай Газ" акционерлік қоғамының талабы. Олар тендерге қатысу үшін Жаңаөзенге зауытты көшірмекші. Ол жақта 155 жергілікті тұрғынды жұмыстан қамтуы тиіс. Мұны барлығы тендер талаптары деді.

Гасал МУСИН, «АҚТӨБЕ МҰНАЙ ЖАБДЫҚТАРЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Тендер талабы бойынша, мен 155 адамды Жаңаөзенде жұмысқа алып, сол жақта жаңа зауыт салу керекпін. Ал мындағы ақтөбеліктерді не істеймін? Зауыт қызметкерлерін жұмыстан шығарып жіберу керекпін. Ал зауыт Жаңаөзенге көшу керек. Оған Самрұқ-Қазына, Атамекен, Жаңаөзеннің әкімдігі қол қойған.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше жаңадан зауыт салуға, 8 млрд 200 миллион теңге тендер қаржысының 80 пайызы кетпек. Ал қалған қаражатпен ірі зауыттың қажеттілігін өтеуде оңай болмайтын секілді. Бұл мәселеге енді ақтөбелік атқамінерлер араласты.  

Қайрат БЕКЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізі экономикалық тұрғыдан да көшіру тиімсіз. Біз әріптестермен сөйлестік. Толығымен қолдау бар. «Самрұқ-Қазына» тарапынан да және «Атамекен»тарапынан да  осы бүгін кешке дейін селекторлық байланыстан кейін бұл мәселеге толық нүкте қоямыз деп ойлаймын.  

Айта кету керек, бұл келісім-шарттан Ақтөбелік зауыт бас тартса, қомақты қаражат шетелдік компанияларға беріліп кетуі мүмкін. Жылына 7 миллиард теңгеге тапсырыс орындап отырған ірі өндіріс орны толықтай банкрот болуы да бек мүмкін.

Б. Рахметова