Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық сайлау комиссиясы «Nur Otan» партиясынан кандидаттар тізімін тіркеді

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2020
  • 1694

Орталық сайлау комиссиясы Nur-Otan-нан ұсынылған кандидаттардың партиялық тізімін тіркеді. Бас партиядан 126 адам ұсынылып отыр. Олардың 40 пайызы қыз-келіншектер болса, 31 пайызы 29 жасқа толмаған белсенді жастар. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың айтуынша, кандидаттардың барлығы Сайлау туралы Заңға сәйкес толық тексерілген. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, осыған сай «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады. Бұдан бөлек, комиссия Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша халықаралық 10 байқаушыны аккредитациядан өткізді. Айта кетейік, күні бүгінге дейін жиыны 39 халықаралық бақылаушы тіркелген.

Анастасия ЩЕГОРЦОВА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тіркелген байқаушылар ол ТМД елдері. ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясы мүшелері және Ислам Ықпалдастығы Ұйымы өкілдері. Басқа шетелдерден де біз сұраным күтудеміз. Өтініштердің түсуіне байланысты тізім жаңарып отырады. Уақыт - әлі бар. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу желтоқсанның 4, сағат 18:00-ге дейін жүреді.

Д. Мұхаммедкәрім