Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда «Латын әліпбиінде кітап сыйла» акциясы жарияланды

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2017
  • 3363

«Латын әліпбиінде кітап сыйла». Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы осындай акция жариялады. Мамандар кітап қорын тұрғындардың сандығының түбінде жатқан көне, құнды әдебиеттермен толтырмақшы. Өйткені құрылғанына 70 жылдан астам уақыт өтсе де, кітапхана қорында латын қарпінде жазылған бірде-бір кітап жоқ. Ал акция жарияланғалы бері  хабарласып үлгенгендер де бар. Олардың бірі латынша «Қобыланды батыр» жырын сыйлауға ниет білдірген.

Кітапханашылар осындай шараларды жыл бойы жүргізуді жоспарлап отыр. Семей, Тараз, Оңтүстік Қазақстан халқымен, сондай-ақ Қазақ ұлттық кітапханасымен онлайн кездесулер ұйымдастырмақшы. Онда оқырмандар іздеген шығармаларын экраннан оқи алады. Латын әліпбиінің ерекшеліктерін мамандар арнайы кездесуде талқылады. Мақсат - қазақ тілінде болатын өзгерістерге алдын ала дайындалу.

Дина Аманжолова, Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми әмбебап кітапхана директоры:

Біздің енді мақсатымыз - халықты дұрыс ақпараттандыра білу. Сондықтан да осы мәселе бойынша болашақта клубтар немесе үйірмелер ашып, үйретеміз деген жоспарымыз бар. Сонымен қатар, әрине, бірінші мақсатымыз - ол латын графикасында өзіміздің қорымызды толықтыру болып табылады.

Юлия Бадина, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Кездесу барысында көптеген сұрақтар туындайды. Біз оларға жауап беруге тырысамыз. Латын әліпбиіне біртіндеп 5-6 жылда көшетіндіктен, барлық ұсыныстарды қарап, ескереміз.