Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық еріктілер «Жастар – Отанға!» бастамасын пысықтады

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2020
  • 1889

Оралдық еріктілер «Жастар – Отанға!» бастамасын пысықтады. Бұл бағдарлама бойынша қорытынды құжат 11 желтоқсанда өткізілетін «Jas Otan» Жастар Қанатының съезінде қабылдануы тиіс. Кездесуде бас қосқан аймақтағы жастар ұйымдарының өкілдері әсіресе әлеуметтік мәселелерге кеңінен тоқталды. Бағдарламадағы азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана секілді негізгі 5 бағыттың көңілден шыққанын жеткізді. «Жастар – Отанға!» бастамасы түрлі санаттағы жастарды қамтуды мақсат еткен. Бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық, қалалық және аудандық Жол карталары әзірленген.

Жаһангер САНСЫЗБАЙ, «JAS OTAN» ЖҚ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Мемлекет беріп тұрған осы бағдарламаларды жастар кең көлемде қолданса, онда бізден білімді жастар, одан кейін сауаттылығы мол жастар елімізде көбейіп, еліміздің болашағы әрмен қарай үлкен бір қарқынды дамудың жолында болады деп айта аламын.

Е. Карин