Русский Сайттың толық нұсқасы

Ветеринария – жемқорлық жайлаған сала, - сенатор

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2020
  • 2307

Ветеренария саласы елдегі ең жемқор саланың біріне айналды. Бюджет қаржысын қалтаға басу жағдайлары, әсіресе препараттарды мемлекеттік сатып алу жүйесінде белең алуда. Сенатор Ақылбек Күрішбаев бүгін осылай деді. Ол аздай, салада маман тапшылығы өзекті. Оның айтуынша мал ауруы өрши қалса, коронавирустан да қауіпті эпидемия жайлауы мүмкін. Сынның астына қалған ауыл шаруашылығы министрлігі бұған не дейді? Айя Мүтәлі тарқатады.

Сенатор бір кезде өзі басқарған ауыл шаруашылығы саласындағы шындықтың бетін ашты. Ол бүгін аталған министрлік жасаған реформаны мүлдем тиімсіз деп бағалады. Өйткені салада маман тапшы. Бар болған күннің өзінде, біліктілігі жоқ. Ауыл-аймақта тіпті зейнет жасындағыларда мал емдеп жүргені айтады. «Салаға деген қызығушылықтың жоқтығы жалақының аздығынан деді. Соның кесіріннен бұл қызмет жемқорлардың отанына айналды деп отыр.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Сыбайлас жемқорлық ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алу жүйесін де терең жайлап кетті. Бұл – саланың сапасыз вакциналар мен диагностикумдармен жабдықталуына себеп болды. +Жергілікті жерлерде кадрлардың тапшылығы ветеринария саласына жеке капиталдың келуін іс жүзінде тоқтатып тастады».

Ветеринарияның қауқарсыздығын биылғы құс тұмауының өршуі көрсетті. Салдарынан мемлекет экономикалық дағдарыс кезінің өзінде 3,7 млрд теңге өтемақы төлеуге мәжбүр болған. Депутатты уайымы бұл ғана емес. Ол ақсаған саланы Үкімет дер кезінде қолға алмаса, елде Сovid-19 -дан да қауіпті дерт тарап, онымен де күресе алмай қалуымыз мүмкін деп алаңдайды. Сенатордың уәжімен  министрлік келіспейді.  

Мадияр АХМЕТОВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Дайынбыз. Біздер бұған толық сеніммен айта аламыз. Біз жылда эпизотиялық мониторинг жүргізіп отырамыз. Диагностикалық шаралар жыл сайын жоспарға сәйкес жүргізіліп отырады.

Сондай-ақ, олар депутаттың салада маман тапшы деген пікірін жоққа шығарды. Алайда, ауылда тұрғысы келмейтіндердің жыл санап көбеюінен, болашақта мұндай қауіп бар деді. Ал "ветеренария - жемқор сала" деген айыпты жоққа шығармады. Келіспеді де. Бұған министрдің өзі жауап бергені дұрыс деп қысқа қайырды.

Мадияр АХМЕТОВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Оны басшылық тарапынан өздері бере жатар сұхбатты. Өз тарапымнан бере алмаймын. Құзіретімен жатпайды да.

Десе де, бұл салаға деген қызығушылықтың жоқтығы рас сияқты. Мәселен, солтүстікқазақстандық Төрехан Бейсенов зейнет жасына жетсе де әлі мал емдеп жүр. Бір емес 3 ауылға жауап беретін ветеринар. Ардагердің жалақысының да өскені енді ғана.

Төрехан БЕЙСЕНОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ:

Вообще болған жоққой зарплата. 40 мың. 60 мың. Екі ай алпыспың. Сосын қырық мыңға отырамыз. 20 мыңға да болатын.

Сайып келгенде, осы салаға көңіл бөлуді талап еткен депутаттардың сөзі тиісті орынға жете ме, әлде бұл шаруа да аяқсыз қала ма, оны Үкімет басшысы Асқар Маминнің жауабынан соң білетін боламыз.

А. Мүтәлі, А. Құрманкин