Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы бұрыңғы дәрігерлер тағылған айыппен келіспейді

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2020
  • 4497

Атырауда жаңа туған шақалақты мұздатқышқа салды деп айыпталып жатқан бұрыңғы дәрігерлерге қатысты сотта, бүгін айыпталушы тарап тындалды. Орталықтың бұрыңғы бас дәрігері үзіліссіз 3 сағат сөйледі. Ол өзіне тағылған айыпты не үшін мойындамайтынын дәлелдеумен болды. Өзінің де, әріптестерінің де кінәсі жоқ екенін айтып, көз жасына ерік берді. Тіпті тергеушілердің жұмысын сынға алды.

Қуаныш НЫСАНБАЕВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Мен нені мойындаймын? Істемеген ісімді ма?  Жасаған жоқпыз біз оны.  Оны мен кез келген жерде айта аламын. Асқар Жәнібекұлы да жасаған жоқ.  Жәмила апа да жасаған жоқ ондай істі. Және мен де жасаған жоқпын. Мен Елбасынан сұраймын. Тоқаевтан сұраймын. Қарасын мына істі. Менен бір рет жауап алған жоқ.

Сондай-ақ, сот отырысында өзге сотталушылар мен олардың адвокаттары да сөз алды. Айыпталушы тарап сол күні кезекшілікте болып, нәрестенің шетінеп кеткенін айтқан, неонатолог- дәрігердің жауапкершілікке тартылмағанын түсіндіруді талап етті. Еске салайық, Атыраулық перинаталдық орталықтың экс-басшысы 35 жастағы Қуаныш Нысанбаев пен оның 4 әріптесі Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабымен айыпталуда. Істің сотта қаралып жатқанына 7-інші айға аяқ басты.

Б. Надирқызы