Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жаппай сатылым өткізген дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2020
  • 2330

Әлем үйіне қайта тығылып жатқан шақта павлодарлық дүкендер жаппай сатылым өткізіп елді кезекке жинап жатыр.
Бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады. Кейіннен бұл бейненің Павлодарда түсірілгені белгілі болды. Дүкен иесі жаппай сатылым жүргізіп, киім-кешекті 500 теңгеден сатқан екен. Арзан бағаға қызыққан жұрттың көптігі сол, дүкендегі кезек көшеге шығып кеткен. Сәйкесінше еш қандай карантиндік шектеулер сақталмаған. Оны жергілікті басқарламалар осы видео арқылы көріп білді. Жаппай сатылым ұйымдастырған дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Айыбы дәлелденіп жатса кәсіпкер 640 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Александр САФЯНИКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл бейнежазбаны көріп,  бірден оқиға орнына тәртіп сақшыларын жібердік. Фото, видео дәлел тіркелді. Дүкен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды.  


Ө. Қуанар