Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірыңғай зейнетақы жинақ қорындағы қаражат туралы құжат қоғамдық талқылауға шықты

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2020
  • 1847

Көптің көңіліне маза бермей жүрген Зейнетақы туралы заң Парламенттің жоғарғы палатасында қаралып жатыр. Сенат депутаттарының батасын алса, кім қанша қаражат алатыны және оны қалай жұмсайтыны нақты белгілі болмақ. Ал, оның жалпы ережесін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі egov.kz порталына жариялады. Құжаттың қоғамдық талқылауы желтоқсанның 22-не дейін жүрмек. Кейбірі маңызды тұстарына қысқаша тоқтала кетсек. Жинақ қорындағы ақшаны тұрғын үй алуға, ипотеканың алғашқы жарнасына пайдалануға, жеке үй салуға, жер сатып алуға жұмсаса болады. Ол қаражатты сондай ақ баспанаға күрделі жөндеу жүргізуге, ипотекалық займдарды қайта қаржыландыруға жаратуға болады. Шектеулер де аз емес. Құжаттың толық нұсқасымен электронды үкімет порталынан таныссаңыздар болады.

 Д. Мұхаммедкәрім