Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда үйір жылқы мұзға сіресіп қалған

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2020
  • 3202

Павлодарда бір апта бұрын жоғалған үйір жылқы, "Бөрлі" көлінде қатып қалған. 26 бас мал аймақтағы Қазы ауылынан 15 шақырым жерден табылды. Жылқылары жоғалған жергілікті тұрғындардың бірі, полицияға ай басында арызданыпты. Тәртіп сақшылары 2 күн бойы, 4 көлікпен  іздегендерін айтты.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тәртіп сақшылары тұрғындарға төрт түлікке мұқият қарауды және малды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Қараусыз мал ұрылардың оңай олжасына айналуы мүмкін. Жоғалған немесе ұрланған мал туралы бірден полицияға хабар беру керек.

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, үйір жылқы сол ауылдағы шаруа қожалықтың біріне тиесілі болған. Аудан атқамінерлері мал ұрланған жоқ деп отыр.

Нұрлан ЖОЛМАҒАМБЕТОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Малдар кетіп қалған. Ұрланған емес. Шөлдеп, суға кірген. Әйтпесе, кім айдап әкетеді? Айдаса, айдап әкетпей ме? Суға түсіріп несі бар, оны. Жабағылар жеңіл ғой, аяқтары тайып, шыға алмаған. Үлкен малдар мүлдем шыға алмай қалыпты.

Ө. Қуанар