Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕҚЫҰ миссиясы Мәжіліс сайлауы барысын бақылайды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2020
  • 1829

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы демократиялық институт және Адам құқығы бюросы жөніндегі шектеулі миссиясы байқаушылары Мәжіліс сайлауы барысын бақылайды. Миссия өкілдерімен бүгін Орталық сайлау комиссиясы мүшелері кездесті. Сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды. Миссия басшысы, Елші Ярослав Марцин Домански өз кезегінде, алдағы сайлау өзара ықпалдастықты дамыта түседі, деген сенім білдірді. Еске сала кетейін. Мәжіліс және Мәслихат сайлауы елімізде келер жылы қаңтардың 10-на белгіленген.

Д. Мұхаммедкәрім