Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй сертификаты сомасын жарты миллион теңгеге арттыру жоспарланып отыр

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2020
  • 2720

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй сертификаты сомасын арттыру жоспарланып отыр. Енді көмек қаржы көлемі 1 миллион емес 1,5 млн теңгені құрайды. Шаһар басшысы Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл сондай ақ «Шаңырақ» тұрғын үй сертификаты санаты кеңейеді екен. Бұған дейін ол тізімде әлеуметтік осал тобының 3 санаты ғана көрінсе, енді оған 9 санат енгізіліп отыр.

Елорданың өзекті проблемаларының бірі – баспана мәселесі. Миллионнан астам халқы бар қалада тұрғын үй кезегінде тұрғандардың қарасы қалың. Бұл проблеманы шешу жолы ретінде әкімдік ұсынған жобалардың бірі -  тұрғын үй сертификаты. 1 млн теңгелік сертификат сомасы 1,5 млн теңгеге өсті.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сертификаттармен бірге, қазақстандық ипотекалық компаниясының бағдарламасына да өзгеріс енгізілді. Мұнда біз пәтер алушылар санатын кеңейттік. Бір мың пәтерге өрт сөндірушілер, мәдениет және спорт пен полиция департаменті қызметкерлері де қатыса алады. Бастапқы жарна пәтер құнының 1 % құрайды. Ол үйді жекешелендіруге болады.

Нұр-Сұлтанда бір жарым жыл ішінде құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны екі есеге қысқарады. 52-і тұрғын үйдің 10-ы өткен жылы пайдалануға берілсе, биыл тағы 20 үй тапсырылмақ.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Үлестік құрылыстың жағдайы әртүрлі. Бір жерде тек қазаншұңқыр болса, енді біреуінде үйдің қаңқасы тұр. Оны аяқтау оңай болмайды. Бұл жерде үйге толық техникалық тексеру жүргізу қажет. Өйткені, құрылысшылар немқұрайлық танытып, инженерлік желілерді жүргізбеген және өрт қауіпсіздігін ескерілмеген.

Халқының саны күн сайын өсіп жатқан Елордада тұрғы үйге ғана емес мектепке де сұраныс жоғары. Биыл 12 мектеп құрылысы аяқталды. Дегенмен мұның өзі жеткіліксіз. Сондықтан алдағы 5 жылда 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланып отыр.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мысал ретінде айтатын болсақ өткен жылы 22 мектепте балалардың саны нормадан тыс көбейген және 8 мектеп үш ауысымды болып ресми тіркелген болса қазір 4-ке азайды. Ал нормадан тыс балалар оқыған мектептер саны 22-ден 14-ке азайды.

Нұр-Сұлтан әкімінің айтуынша, білім беру мекемелерінің құрылысына жеке инвестициялар тартылмақ. Осының арқасында қалада үш ауысымдық оқу үрдісі жойылады.

Ә. Өмірзақ